https://zebrapen.kz интернет-дүкенінің жария оферта шарты
Негізгі терминдер
Келуші – сайтта тіркелместен https://zebrapen.kz сайтына кіруді жүзеге асыратын жеке тұлға.
Пайдаланушы – тапсырыстарды ресімдеу мақсатында https://zebrapen.kz сайтында тіркеуден өткен Сайтқа келуші.
Сатып алушы – https://zebrapen.kz интернет-дүкенінде тапсырыс ресімдеген Пайдаланушы.
Акцепт – Сатып алушының осы Оферта шартының талаптарымен толық келісуі.
Сатушы – «ZEBRA.KZ (ЗЕБРА.КЗ)» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, БСН: 040840003065, Е/шоты: KZ126017131000006946, БСК: HSBKKZKX, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Таугүл-3 ш/а, Дауылбаев к-сі, 24.
Тауар – ақпараты «ZEBRA.KZ» интернет-дүкенінің https://zebrapen.kz сайтында жарияланған тауарлар.
Тапсырыс – Сатып алушының «ZEBRA.KZ» интернет-дүкенінің https://zebrapen.kz сайты арқылы ресімделген тауарларды сатып алуға берген өтінімі.
«ZEBRA.KZ» интернет-дүкені – интернет желісінде https://zebrapen.kz мекенжайы бойынша орналасқан «ZEBRA.KZ (ЗЕБРА.КЗ)» сайты.
Жеке кабинет – интернет-дүкен сайтының тіркелген Сатып алушыға дербес қолжетімділігі бар, өзінің есептік жазбасын, тіркеу деректерін, тапсырыстар тарихын және т.б. басқаруға арналған арнайы жабық бөлімі.
1. Жалпы ережелер
1.1. «ZEBRA.KZ (ЗЕБРА.КЗ)» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – Сатушы) https://zebrapen.kz «ZEBRA.KZ» интернет-дүкені арқылы Тауарларды сатуды жүзеге асырады.
1.2. Сатып алушының интернет-дүкен арқылы Тауарға тапсырыс ресімдеуі Сатып алушының осы Оферта шартымен (бұдан әрі – Шарт) келісімін растауы болып саналады.
1.3. Осы шартқа енгізілген Тауарларды сату талаптары Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 395-бабына сәйкес жария оферта болып табылады.
1.4. Сатушы Шарт талаптарын Пайдаланушыны/Сатып алушыны алдын ала хабардар етпестен, өз қалауы мен бастамасы бойынша біржақты тәртіппен өзгертуге құқылы. Шарттың өзгертілген талаптары олар интернет-дүкен сайтында жарияланған сәттен бастап заңды және күшіне енген болып саналады.
1.5. Шарт Пайдаланушы Сайтта тіркелген сәттен бастап және/немесе Сатып алушы Тапсырысты ресімдеген сәттен бастап жасалған болып есептеледі.
Тапсырыста мынадай деректер көрсетіледі:
тегі мен аты (жеке тұлғалар үшін);
Сатып алушының толық заңды атауы және оның орналасқан жері (заңды тұлғалар үшін), Тапсырысты ресімдейтін ұйым өкілінің тегі мен аты;
жеткізу мекенжайы, Сатып алушымен немесе ол көрсеткен тұлғамен байланысуға арналған телефон нөмірі;
Тауарлардың атауы, саны және бағасы.
Бөлшек саудада сатып алу-сату шарты Сатушы Сатып алушыға Тауарлардың ақысы төленгенін растайтын құжаттарды берген сәттен бастап жасалған болып танылады.
2. Шарттың мәні
2.1. Шарт талаптарына сәйкес Сатып алушы интернет-дүкен сайтында орналастырылған Тауарларды сатып алу мүмкіндігіне ие болады.
3. Сайтта тіркелу
3.1. «ZEBRA.KZ» интернет-дүкені сайтында тіркелу https://zebrapen.kz/create-account мекенжайы бойынша жүзеге асырылады.
3.2. Тіркелу барысында Сатып алушы байланыс ақпараты бар сауалнаманы толтырады. «Заңды тұлға» есептік жазба түрін таңдаған кезде кейбір қосымша өрістер мен бағандар қарастырылған.
3.3. Сатып алушы Жеке кабинетте өзінің тіркеу ақпаратын өңдеуге және өзгертуге құқылы.
3.4. Сатушы Пайдаланушының тіркелу кезінде көрсеткен ақпаратының дұрыстығы үшін жауап бермейді.
4. Тапсырысты ресімдеу тәртібі
4.1. Тауардың нақты сыртқы түрі сайтта орналастырылған фотосуреттерден, сондай-ақ Тауардың сипаттамалары мен сипаттамалық көрсеткіштерінен өзгеше болуы мүмкін. Осыған байланысты туындайтын барлық сұрақтар бойынша Сатып алушы «ZEBRA.KZ» ЖШС кеңсесімен кез келген қолайлы тәсілмен байланысып, кеңес ала алады.
4.2. Тапсырысты ресімдеу мынадай тәртіппен жүзеге асады:
Сатып алушы Тауарды (тауарларды) таңдайды;
оны (оларды) себетке қосады;
«Менің себетім» бөліміне өтеді және ашылған терезелерді қажетті ақпаратпен толтыра отырып, Тапсырысты ресімдейді.
4.3. Жартылай немесе толық төленген Тапсырыстың күші жойылған немесе тауар қайтарылған жағдайда, Сатушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде күші жойылған Тауардың құнын Сатып алушыға қайтарады.
4.5. Егер бұған дейін Сатып алушы өзіне тапсырылған тауарды қабылдаудан бас тартса немесе осы тауарларда ақаулардың болуына байланысты емес себептер бойынша тауарды 5 немесе одан да көп рет қайтарған болса, Сатушы Сатып алушыға Тапсырысты орындаудан бас тартуға құқылы.
5. Тауарды жеткізу
5.1. Тапсырысты орындаудың нақты мерзімдері интернет-дүкен сайтында Тапсырыс ресімделгеннен кейін бірден Сатып алушымен келісіледі. Осы тапсырысқа қызмет көрсететін менеджер оның егжей-тегжейін нақтылайды және жеткізу күнін келіседі.
5.2. Сатушыдан тапсырыс берілген Тауарды жеткізу мынадай тәсілдермен жүргізіледі:
өзі алып кету;
қала бойынша курьер арқылы;
өңірлерге көліктік-экспедиторлық компания арқылы.
5.3. Тауарды жеткізу шығындарын Сатып алушы төлейді. Жеткізу құны Сайттағы «Жеткізу» бөлімінде көрсетілген Интернет-дүкеннің тарифтеріне сәйкес есептеледі.
Көліктік-экспедиторлық компания қызметтері арқылы Тауарды жеткізу осы көліктік-экспедиторлық компания белгілеген тарифтерге сәйкес төленеді. Кез келген жеткізу тәсілі кезінде көлік шығындары Сатып алушыға төлем шотында көрсетіледі.
5.4. Егер Тапсырыс Сатып алушының кінәсінен орындалмаса (мысалы, соңғысының Тауарды жеткізу орнында келісілген уақытта болмауы салдарынан), арақашықтық ақы төлеуді көздейтін болса, Сатушы жеткізу қызметтерінің толық құнын талап етуге құқылы. Жеткізу мақсатында интернет-дүкен қызметкерін қайта шақыру ақысын да Сатып алушы төлейді.
5.5. Сатып алушы байланыс деректері немесе Тапсырыс құрамы туралы нақты емес ақпарат берген жағдайда, Сатушы Тапсырыстың тиісінше орындалмағаны үшін жауап бермейді.
5.6. Жеткізу Сайттағы «Жеткізу» бөлімінде көрсетілген мерзімдерде жүзеге асырылады.
5.7. Төтенше және еңсерілмейтін күш жағдайларының (дүлей апат, апаттар, жаппай тәртіпсіздіктер, әскери қимылдар және т.б.) салдарынан жеткізу мерзімі кешіктірілуі мүмкін.
5.8. Жеткізу кезінде Тауар Сатып алушыға немесе Тапсырысты ресімдеу кезінде алушы ретінде көрсетілген үшінші тұлғаға (бұдан әрі Сатып алушыға және үшінші тұлғаға қатысты «Алушы» термині қолданылады) тапсырылады. Егер жоғарыда аталған тұлғалар қолма-қол ақшамен төленетін Тауарды қабылдап ала алмаса, ол Тапсырыс туралы мәліметтерді (Алушының Т.А.Ә. және/немесе жөнелтілім нөмірін) ұсынуға және Сатушының жеткізу қызметінің қызметкеріне Тапсырыс құнын толық төлеуге қабілетті тұлғаға тапсырылуы мүмкін.
5.9. Ықтимал алаяқтықтың алдын алу мақсатында Тауарды тапсыру кезінде интернет-дүкеннің жеткізу қызметінің қызметкері Алушының атына Сатушы ресімдеген сенімхатты және Алушының жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуді талап етуге, сондай-ақ жүкқұжатта осы құжаттың түрі мен нөмірін көрсетуге құқылы. Егер Тауарды сатып алушы заңды тұлға болса, Алушы жүкқұжатқа немесе орындалған жұмыстар актісіне ұйым мөрінің бедерін басуға және қолма-қол ақшасыз төлем жасалған жағдайда, сенімхаттың түпнұсқасын тапсыруға міндетті. Алушының дербес деректерінің құпиялылығы мен қорғалуына Сатушы кепілдік береді.
5.10. Егер Тауарды жеткізу шартында өзгеше көзделмесе, Тауарды тапсыру және соңғысы Тауардың құнын толық көлемде төлеген сәтте Тауар Сатып алушының меншігіне өтеді.
5.11. Тауарды жеткізу кезінде жеткізу қызметінің немесе көліктік-экспедиторлық компанияның қызметкері Сатып алушыға барлық қажетті құжаттарды (қолма-қол ақшаға сатып алған кезде – тауарлық және кассалық чек, қолма-қол ақшасыз төлем кезінде – жүкқұжат және шот-фактура) тапсырады.
5.12. Сатушының немесе көліктік-экспедиторлық компанияның жеткізу қызметінің қызметкерінен Тауарды қабылдау кезінде Алушы қаптаманың бүтіндігін тексеруге, ал оны ашқаннан кейін – жеткізілген Тауарды қарап шығуға және оның мәлімделген ассортиментке, сапаға және жиынтықтылыққа сәйкестігін тексеруге міндетті. Жеткізілген Тауарға шағымдар болмаған жағдайда, Алушы жеткізу түбіртегіне қол қояды және Тапсырыс ақысын төлейді (егер төлем қолма-қол есеп айырысу бойынша жүргізілсе). Алушының жеткізу құжатындағы қолы Алушының Сатушы тарапынан Тауарды жеткізу бойынша міндеттемелердің толық және тиісінше орындалғанын растайтынын білдіреді. Көліктік-экспедиторлық компания арқылы тауар заңды тұлға болып табылатын Сатып алушыға жеткізілген кезде, Сатып алушы 2 жұмыс күні ішінде Сатушыға тиесілі құжаттардың түпнұсқаларын өз есебінен Сатушының заңды мекенжайына жіберуге міндетті.
6. Тауарды және ақшалай қаражатты қайтару
6.1. Егер Алушының жеткізілген Тауарға қатысты шағымдары болса (толық салынбауы, өндірістік ақау, жөнелтілім тізімдемесінде көрсетілгеннен өзге тауардың салынуы), Алушының нұсқауы бойынша жеткізу қызметінің қызметкері немесе көліктік-экспедиторлық компанияның өкілі Анықталған сәйкессіздіктер туралы акт толтырады. Аталған актіге Алушы және жеткізу қызметінің қызметкері/көліктік-экспедиторлық компанияның өкілі қол қояды.
6.2. Тауардың ассортиментіне, сапасына немесе жиынтықтылығына қатысты шағымдардың болуына байланысты Тауар қайтарылған жағдайда, Алушы қайтарылатын Тауарға мынадай құжаттарды қоса беруге тиіс:
Анықталған сәйкессіздіктер туралы актінің көшірмесі;
жөнелтілім тізімдемесінің көшірмесі;
қайтару бланкісі;
төлем туралы түбіртектің көшірмесі және ақшалай қаражатты қайтару туралы өтініш (егер алдын ала төлем жүргізілген болса).
6.3. Төленген тауардың құнын қайтару туралы талап тиісті өтініш берілген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде қанағаттандырылады. Ақшалай қаражат Сатып алушыға ақшалай қаражатты қайтару туралы өтініште көрсетілген тәсілмен (қолма-қол ақшамен, банктік картаға, пошталық аударыммен) қайтарылады.
7. Тауарға ақы төлеу
7.1. Тауарға ақы төлеу тәсілдері интернет-дүкен сайтында «Төлем тәсілдері» бөлімінде көрсетілген. Орындалған тапсырысқа ақы төлеу мынадай тәсілдермен жүзеге асырылуы мүмкін:
«ZEBRA.KZ (ЗЕБРА.КЗ)» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің есеп айырысу шотына ақшалай қаражатты аудару арқылы қолма-қол ақшасыз есеп айырысу;
«ZEBRA.KZ (ЗЕБРА.КЗ)» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кассасына ақша салу арқылы қолма-қол есеп айырысу.
7.2. Сатушы мен Сатып алушы арасындағы барлық есеп айырысулар теңгемен жүргізіледі.
7.3. Тауардың әрбір аталымына баға интернет-дүкен сайтында Қазақстан Республикасының теңгесімен көрсетіледі.
7.4. Сатушы Сатып алушыны хабардар етпестен, интернет-дүкен сайтында көрсетілген Тауардың кез келген аталымының бағасын біржақты тәртіппен өзгерту құқығын өзіне қалдырады. Бұл ретте Сатып алушы тапсырыс беріп қойған Тауардың бағасы өзгертілмейді.
7.5. Банк карталарын пайдалана отырып Тауарға ақы төлеудің ерекшеліктері:
7.6. Сатушы жеңілдіктер, бонустар жүйесін енгізуге, жарнамалық акциялар өткізуге және сыйлықтар беруге құқылы. Бонустардың, акциялар мен сыйлықтардың түрлері, сондай-ақ оларды беру тәртібі мен талаптары интернет-дүкен сайтында жарияланады.
8. Тараптардың құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі
8.1. Сатушы тапсырыстарды орындау бойынша өзінің құқықтары мен міндеттерін арнайы тартылған үшінші тұлғаларға жүктеуге құқылы.
8.2. Сатушы интернет-дүкен сайтында тапсырыс берілген Тауарларды тиісінше пайдаланбау салдарынан Сатып алушыға келтірілген кез келген залал үшін жауап бермейді.
8.3. Осы Келісім бойынша міндеттемелерді орындамағаны және/немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
9. Құпиялылық және ақпаратты қорғау
9.1. Пайдаланушының/Сатып алушының дербес деректерін өңдеу «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
9.2. Сатып алушы тіркелу кезінде көрсеткен Жеке кабинетке кіруге арналған логин мен құпия сөзді құпия сақтауға міндеттенеді. Сатып алушыда өз есептік жазбасы деректерінің қауіпсіздігіне немесе оларды бөгде тұлғалардың рұқсатсыз пайдалану мүмкіндігіне күдік туындаған кезде, Сатып алушы бұрын көрсетілген құпия сөзді дереу жаңасына ауыстыруға міндеттенеді.
9.3. Сайтта тіркеле отырып, Пайдаланушы/Сатып алушы Сатушының өз дербес деректерін өңдеуіне және тапсырыс бойынша міндеттемелерді орындау үшін Сатушы тартқан бөгде тұлғаларға дербес деректерді беруге өз келісімін береді.
9.4. Сатушы Пайдаланушының/Сатып алушының дербес деректерін мына мақсаттарда пайдаланады:
Пайдаланушыны Сайтта тіркеу үшін;
Сатып алушының алдындағы өз міндеттемелерін орындау үшін;
Сайттың жұмысын талдау және бағалау үшін;
Сатушы өткізетін акцияларда жеңімпазды анықтау үшін (егер ондайлар өткізілсе).
9.4.1. Сатушы Сатып алушының келісімімен оның ұялы телефонына және электрондық поштасына ақпараттық (оның ішінде жарнамалық) хабарламалар жіберуге құқылы. Сатып алушы бас тарту себептерін түсіндірместен жарнамалық-ақпараттық таратылымдардан бас тартуға құқылы. Тапсырыс және оны өңдеу кезеңдері туралы ақпараты бар сервистік хабарламалар автоматты түрде жіберіледі және олардан Сатып алушы бас тарта алмайды.
9.5. Сатушы құпия ақпаратты қамтымайтын «cookies» технологиясын пайдалануға құқылы. Келуші/Пайдаланушы/Сатып алушы статистиканы қалыптастыру және жарнамалық таратылымды оңтайландыру мақсатында үшінші тұлғаларды қоса алғанда, «cookies» файлдарын жинауға, талдауға және пайдалануға келіседі.
9.6. Сатушы Пайдаланушының/Сатып алушының Сайтта жалпыға қолжетімді түрде ұсынған ақпараты үшін жауап бермейді.
10. Қосымша шарттар
10.1. Интернет-дүкен профилактикалық немесе өзге де жұмыстарды жүргізуге байланысты, сондай-ақ басқа да техникалық себептер бойынша ішінара немесе толықтай уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін.
10.2. Пайдаланушы/Сатып алушы мен Сатушы арасындағы қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
10.3. Егер Пайдаланушыда/Сатып алушыда Сатушыға қатысты сұрақтар немесе талап-арыздар туындаса, ол сайтта көрсетілген байланыс деректерін пайдалана отырып, Сатушыға жүгінуге тиіс. Тараптар туындаған мәселелерді келіссөздер жүргізу арқылы шешу үшін қажетті шараларды қабылдауға міндеттенеді. Егер келіссөздер барысында тараптар арасында келісімге қол жеткізілмесе, дау белгіленген заңнамаға сәйкес сот тәртібімен қаралады.
10.4. Осы Келісімде қозғалмаған мәселелер бойынша тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.
11. Қолданылу мерзімі
11.1. Осы Келісім Пайдаланушы Интернет-дүкен сайтында тіркелген немесе Тапсырысты ресімдеу үшін Сатушыға жүгінген сәттен бастап жарамды деп танылады.
11.2. Жүгінген сәт ретінде Сатып алушының Сатушыдан Тауарды сатып алуға бағытталған әрекеттерді жасауға іс жүзінде кіріскен сәті қабылданады.
