Қаламдардың қысқаша жіктелуі

Қауырсын қаламдар           Жазу құралдарының классикалық түрі. Су негізіндегі сұйық сия жазу бөлігінің капилляр жүйесі арқылы металл қауырсынға беріледі.

Артықшылықтары:       Ашық әрі анық сызық. Қатты баспай, қолды ауада ұстап та жазуға болады. Қауырсын қаламды тұрақты пайдалану қолжазбаны жақсартудың керемет тәсілі болып табылады, сонымен қатар бұл қаламмен жазудың өзі ерекше ләззат сыйлайды.

Кемшіліктері:                  Жазу барысы жоғары зейінді талап етеді. Қаламды белгілі бір бұрышпен дұрыс ұстау керек, жазғанда қатты басуға және қатты сілкілеуге болмайды.
Қысым өзгергенде (мысалы, ұшақта) қауырсын қаламнан сия ағып кетуі мүмкін.
Тұрақты қолданбаған жағдайда жазу бөлігіндегі сия кепкендіктен, қаламды жуып тазалауға тура келеді.


Шарикті қаламдар          20-ғасырдың ең көп тараған қаламы. Тұтқыр сия пастасы шарикті жазу ұшы арқылы қағазға жағылады.

Артықшылықтары:       Ыңғайлы әрі қолдануға жеңіл. Ерекше күтімді талап етпейді.
Жұмсақ жазады: қағазды жыртпайды. Берік ұшының арқасында қатты басып, көшірме қағаз арқылы да жазуға болады. Сиясы өте үнемді жұмсалады: бір өзекшемен өте ұзақ жазуға болады.

Кемшіліктері:                  Жазу сызығы басқа қалам түрлеріне қарағанда азырақ қанық болады.
Жазғанда сәл күш салып басу керек, қолды ауада ұстап жазу қиын.


Капиллярлы қаламдар      Линерлер мен фломастер-қаламдар. Сұйық сия (көбіне спирт негізіндегі) қағазға жазу бөлігінің жұмсақ ұшы арқылы жағылады.

Артықшылықтары:       Жазу сызығы өте қанық әрі ашық. Мүлдем баспай, қолды жеңіл ұстап өте жылдам жазуға болады.

Кемшіліктері:                  Жазу ұшы нәзік келеді. Жазғанда қатты басуға болмайды.
Егер жазу кезінде қаламды қағаздан ажыратпай тоқтатып қойсаңыз, сия қағазға тез сіңіп, сия дағы пайда болады..
Қалпақшасын жаппай ашық қалдырса, жазу ұшы кеуіп қалады.


Роллерлер                        Сиялы және шарикті қаламдардың артықшылықтарын біріктірген қалам. Шарикті жазу ұшы мен су негізіндегі сұйық сия қолданылады.

Артықшылықтары:       Анық әрі қанық сызық. Мүлдем баспай, қолды жеңіл ұстап өте жылдам жазуға болады. Сонымен бірге, берік шарикті ұшының арқасында қатты басып, көшірме қағаз арқылы да жаза аласыз.


Гельді қаламдар             Желе тәрізді сия (гель) қағазға шарикті жазу ұшы арқылы жағылады.

Артықшылықтары:       Анық әрі қанық сызық. Мүлдем баспай, қолды жеңіл ұстап өте жылдам жазуға болады. Сонымен бірге, берік шарикті ұшының арқасында қатты басып, көшірме қағаз арқылы да жаза аласыз. Гельді қаламмен жазылған жазулар суға төзімді және оңбайды.


Гибридті қаламдар        Шарикті қаламның пастасына қарағанда тұтқырлығы төмен сия қағазға шарикті жазу ұшы арқылы жағылады.

Артықшылықтары:       Анық әрі қанық сызық. Баспай, қолды жеңіл ұстап өте жылдам жазуға болады, сондай-ақ қатты басып жазуға да мүмкіндік береді. Сиясы суға төзімді әрі уақыт өте келе оңбайды.